2016 жылы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдері күні және Халықаралық егде адамдар күніне орай мекеменің саябағы аймағында халықтық серуен өткізілді.
«Астана» радиосы ұжымы «Жастардың ізгі ниеті – үлкенге құрметі» атты қайырымдылық шарасын өткізді. Шара барысында әнші Ринат Малцагов, Оралхан Алтынбеков, Күлайым Қайырбаева, саксафоншы Нина Моисеева, «НОМАД» би ансамблі, «АССА» би тобы және «Возрождение» неміс бірлестігінің «Шпете блюмен» хорының қатысуымен концерт ұйымдастырылып, ата-әжелердің құрметіне дастархан жайылды.
Сондай-ақ, Әсел Сұлтан, Мадина Аманқұлова, Людмила Конькова, Аида Есеналина сынды визажисттер көмек көрсетіп, «Cheese» фотоательесінің фотографтары естелік суреттер сыйлады.