Әрбір адам ұзақ және бақытты өмір сүргісі келеді. Бірақ сол үшін біз не істей аламыз? Қазіргі заманда адамдар салауатты өмір салтын таңдап, жан мен тәннің үйлесуіне тырысады. 2016 жылғы 20 қыркүйекте қызмет алушылар «Ұзақ өмір сүру»атты дәріс тыңдады. Дәріс салауатты өмір салты жайында болды. Әңгіме дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден арылу және дәрі-дәрмекті дұрыс қабылдау туралы өрбіді. Дәріс барысында слайдтер көрсетіліп отырды. Дәріс аяқталғаннан соң тыңдаушылар пайдалы кеңестермен пікір алысты. Барлық қатысқандарға өте қызық және пайдалы болды.
«Ұзақ өмір сүру құпиясы» тақырыбындағы дәріс