Қазіргі кезде барлық қоғаммен қатар Егде адамдар күні біздің мекеме үшін өте маңызды. Осы күні біз егде адамдар мен қарттарға сый-сыйапат көрсетумен қатар, оларға деген жылы сезімімізді білдіріп, қаншалықты оларды бағалайтынымызды және сыйлайтынымызды көрсетуге тырысамыз.
2016 жылғы 29 қыркүйек күні Халықаралық егде адамдарға арналып мерекелік концерттік іс-шара ұйымдастырылды. «Алтын жас» иегерлерін құттықтауға арнайы келген қонақтар: Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Оспанов Ермек Сабырбекұлы, Астана қаласы Мәслихатының депутаттары ТабылдинаАлтыншаш Жұмашқызы және Өмірбаева Рәмзия Фаатқызы, «Нұр Отан» Сарыарқа аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шунгульшин Мурат Кожахметұлы, Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі департамент директоры (ЕМ және ХӘҚ) Сәдуақасова Дәмежан Төлеубайқызы, Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұрғожина СәулеОрдабайқызы.
Ресми іс-шара мекеменің «Ардагер» аллеясына естелік гүл шоқтарын қоюмен басталды. Кейін концерттік бағдарлама Н. Әбдіров атындағы № 33 балабақшасы тәрбиеленушілерінің, медициналық колледжі студеттерінің, Татар-башқұрт мәдени орталығы мен Қ. Мұңайтпасов атындағы «Олимпия резерві» спорт мектебі тәрбиеленушілерінің қойылымдарымен жалғасты. Осы мереке күні көптеген жылы сөздер айтылып, қонақтар өз сыйлықтарын үлкен ризашылықпен табыс етті.
Қызмет алушылардың көзінен қуаныш пен шаттық білініп, олардың жүрегінде сүйіспеншілік пен жастық шақтарының сәттерін көздеріне елестеткендей әсер алды.
Мерекелік концертті тамашалауға біздің Орталықтың ұзақ жасаған кейуана Исенова Марфуға келді, ол биыл 102 жасқа толды.
Мереке өте қызықты болды, барлық қатысқандар көңілдерін көтеріп қайтты.
Осы ресми шарада Орталық тұрғындары Пронин Александр Михайлович пен Матерова Полина Антоновнаның отбасын құруға сәті түсті. Отбасылық жұпты құттықтап, оларға гүл мен есте қалатын сыйлықтар табыс етілді.
Осы іс-шараның мақсаты - ол егде адамдарды құттықтап, оларға жақсы көңіл-күй сыйлап, алғыстарын білдіру.
Концерттен кейін тұрғындарға арналып мерекелік ас ұйымдастырылды.