«25 игі іс» акциясы аясында, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Халықаралық егде адамдар күніне  орай«Экономика, технология және азық-түлік өндірісінің стандартизациясы» студенттері "Ардагерлерді ардақтайық" атты мерекелік концерт ұйымдастырды. Концерттік бағдарлама әртүрлі әндерге толы болды, соның ішінде  «Асыл әжем», «Ауылым» және тағы басқа да қазіргі әндер айтылып, би биленді.

Әжелер мен аталардың көңілі толып, барлық әндерге қосылып ән айтып,  қол шапалақтарын аяған жоқ.

Концерт өте қызықты өтті және тыңдаушылардың көңілінен шықты.