2016 жылғы 12 қазан күні «Конкор» спорт клубында Мүгедектер күніне арналған  үстел теннисі бойынша қалалық турнир өтті. Оның ұйымдастырушы Special Olympics болды.  Біздің қызмет алушылар 4 адам болып турнирге қатысты.  Үздіктер ішінен үздігін анықтау оңай болған жоқ. Біздің орталықтың жүлдегерлері болып атанды:

Әйелдер арасында  І орынға  Айдарханова Сәуле ие болды;

Ерлер арасында  ІІ орынға  Түгебаев Асылжан және  Квашнин Николай ие болды;

          ІІІ орын иегері  – Кәрімов Қайырберді.

Турнирге түрлі жастағы спортшылар қатысты.Турнирге  қатысушылар өз уақыттарын пайдалы және көңіл көтеріп өткізді. Барлық адамдар  турнир ұйымдастырушыларына  залын беріп, дипломдар, медальдер мен сыйлықтар үшін өз ризашылығын білдірді.