2016 жылғы 17 қазан күні біздің Орталыққа Қытай Халықтық Республикасының делегациясы 6 адам болып келді:
Ван Цзяньцзюнь–Егде адамдар ісі жөніндегі Бүкілқытай комитеті кеңсесі бастығының орынбасары;
ГаоЧэнюнь – Егде адамдар ісі жөніндегі Бүкілқытай комитеті кеңсесі әкімшілік департаментінің бастығы;
Гао Кун – Азаматтық әкімшілік министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті әкімшілік бөлімі бастығының орынбасары;
МуЦян – Егде адамдар ісі жөніндегі Бүкілқытай комитеті кеңсесі әкімшілік департаментінің хатшысы;
Лян Мин - Егде адамдар ісі жөніндегі Бүкілқытай комитеті кеңсесі кадрлар бөлімі бастығының орынбасары;
ЧжанХункуй – Егде адамдар ісі жөніндегі Бүкілқытай комитеті кеңсесі әкімшілік департаментінің қызметкері.
Жұмыс сапарының негізгі мақсаты – егде адамдардың әлеуметтік қамтамасыз ету және көмек беру мәселелерін зерделеу.
Делегация Орталық жұмысымен танысты, атап айтқанда, біздің қызмет алушылардың уақыты қалай өтеді, олардың тамақтануы, оларға күтім жасаудың ерекшеліктері. Сондай-ақ делегацияны қызықтырғаны – бұл Криворучко Андрей Андреевич пен Разович Александра Кузьминичнаның отбасылық жұбы болды.
Экскурсия аяқталған соң, қызметкерлермен сұхбаттасқаннан кейін олар өз пікірлерін айтты: «Осы жерде тұрып жатқан адамдар және әлеуметтік қызмет көрсетуші қызметкерлер бізге үлкен қуаныш сыйлады. Сіздер түсінетін шығарсыздар, Қытай үлкен ел, соның ішінде егде адамдар да көп. Сондықтан да Қытай үкіметі үшін егде адамдарға қызмет көрсету үлкен міндет. Бізге әсер еткені, ол егде адамдарға медициналық қызмет көрсету мен күтім көрсетудің құрастырылып жасалуы, біздің делегация атынан айтатын тілектеріміз: Сіздерге дансаулық пен бақытты өмір тілейміз, - деп қызметкерлермен кездесу барысында Ван Цзяньцзюнь өз лебізін білдірді.