2016 жылғы 28 қазанда Әлеуметтік сала қызметкерлері күніне арналған "Үздік әлеуметтік қызметкер - 2016" байқауы жеңімпаздарының салтанатты марапаттау рәсімі және гала-концерт өтті.  Мерекелік іс-шараны  мекеме директоры Кенжеболат Сапарұлы Бәпішев ашты, сонымен қатар Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің атынан алғысхаттарды табыс етті. Алғысхатқа ие болғандар: Еңбек терапиясы жөніндегі инструктор Н. Қуандықова және Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Е. Оспановтың   атынан  кадр бөлімінің инспекторы Кабилова Кульсум Буташқызы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман С. Каирова, жүргізуші Кондратьев В.Н.

 

Байқау нәтижелері бойынша мынадай номинацияларда үздік болып атанғандар:

  • "Үздік әлеуметтік қызметкер" - Садырова Саягүл Мұратқызы;
  • "Қызмет алушыларға күтім жасау жөніндегі үздік қызметкер" - М. Мукушева, А. Нүркеева, Б. Джаханова;
  • "Тазалық сақтау жөніндегі үздік қызметкер" - М. Қожахметова, С. Сәбиева, Ә. Тұманбаева;
  • "Үздік қаржыгер" - Д. Бейсембаев;
  • "Шаруашылық қызметінің үздік қызметкері" - Назаренко Елена Петровна және  Е. Қабиев;
  • "Үздік аспаз" - Б. Жүнісова;
  • "Ас блогінің үздік қызметкері" - Ә. Жармағамбетова;

 

Әр номинация бойынша шағын көрсетілім ұсынылды (5 мин) – өлең оқу, ән айту және сахналық көрініс, ал әлеуметтік блок "Чинури" шығыс музыкасымен шығып,  шығыс биімен бүкіл зал ду қол шапалағымен өз ризашылығын білдірді.  Сондай-ақ қызмет алушыларға   "Шабыт" Қазақ ұлттық университетінің түлектері – "Аңсау" танымал  тобы өз әндерін сыйлады. Барлық жеңімпаздар мақтау қағаздары мен ынталандыру сыйлықтарға ие болды.  Мерекелік шара барлығының көңілінен шықты.