25 қазан күні сағат 19.00-де Конгресс-холда Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының ұйымдастыруымен «Ұмытылмас әндер» концертіне біздің қызмет алушылар көрермен ретінде қатысты.

Кеште қазақ музыкасы көгінде жұлдыздай жарқ еткен Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов және Әбілахат Еспаев сынды композиторлардың әндерін елордалық филармонияның және Қазақстан эстрадасының белгілі әншілері Бағдат Сәмединова, Естай Мұқашев, Алтынай Жорабаева, Нұрғали Тұрлыбеков, Бибігүл Жанұзақ, Нұрбол Балапанов, Гүлзира Бөкейхан, Бауыржан Нұрымбетов, Айнұр Байнулдинова, Дихан Ильяшев, Гүлмира Жұмабекова, Диана Май және тағы басқалары орындады. Қызмет алушылар өздерінің сүйікті әндерімен қауышты.