2016 жылғы 18 қарашада Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектептің 6 «Г» сынып оқушылары еңбек терапиясына қатысып жұмыс істейтін қызмет алушыларға арнап дастархан жайды. Осы іс-шара барысында мектеп оқушылары ән айтып, өлең оқып,  би биледі. Балалардың қойылған концертін көрермен қауым жылы қабылдап, 6 «Г» сынып жетекшісінежас буынға  жақсы тәрбие бергені үшін алғыс айтып, оларға үлкен адамдарға деген құрмет көрсеткендері  үшін өз ризашылығын білдірді.