2016 жылғы 9 желтоқсанда    «Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау» ММ-нің бастамасымен  ұйымдастырылған дойбы, шахмат, тоғыз құмалақтардан жарыс өтті. Бұл іс-шара да ведомствоқарасты мекемелер арасында ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орайластырылып өткізілді.

 

І орын -  "Шарапат" ӘҚКО»

ІІ орын –Еңбекпен қамтамасыз ету орталығы

ІІІ место-Астана қаласы әкімдігінің ӘҚКО

 

Спорттық  жарыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар медальдер мен дипломдармен марапатталды. Ойын барысында қатысушылар жақсы эмоцияға бөленіп, бәсекелестік ахуалдан ләззат алды. Іс-шараның көңілін жанкүйерлер көтерді.

 

Барлық қатысушылар өткізілген іс-шараға риза болды, болашақта Астана қаласының «Шарапат» ӘҚКО» КММ-да осындай іс-шаралар өтсін деген тілектерін білдірді.