2016 жылғы 28 желтоқсанда барлық блоктерде «Армысың, Жаңа жыл!» атты байқау өтті. Әр блок өз өнерін ортаға салды:  «Д» және  «Б» блоктерінің тұрғындары Жаңа жыл туралы ән айтып, өлең оқыды, ал «В» блок тұрғындары «Әтеш пен тауық» атты мақалды көрсетті. «Г» блок «Курочка Ряба» атты ертегіні қойды.

 

Жаңа жылдық костюмдер мен шаттық пен күлкі барлық қазылар алқасын таңқалдырды. Қазылар алқасы қызмет алушылар бөлмелерінің Жаңа жылға жабдықтауын қарап, өздерінің  әділ бағасын берді.  Байқау қорытындылары 30 желтоқсан күні мерекелік іс-шарада жария етілді.