29 желтоқсанда біздің Орталыққа жұмыс сапарымен Астана қаласының әкімі Исекешев Әсет Өрентайұлы келіп кетті. Жұмыс сапары барысында ол Орталықтың жұмысымен танысып, қызмет алушыларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.