2016 жылғы 30 желтоқсанда мекемеде Жаңа жылға арналған бал маскарад өтті. Мерекемен барлық қауымды мекеме директоры Бәпішев Кенжеболат Сапарұлы және Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Нұрғожина Сәуле Ордабайқызы  құттықтады.

 

Қызмет алушылар «Курочка Ряба» және «Петух и курица» деп аталатын жаңа жылдық сахна көріністерін көрсетті.  Көрермендер ертегі ахуалына бөленіп, көңіл-күйлерін көтерді. Қызмет алушылар мерекелік шараға риза болып, Аяз Ата мен Ақ Шақардың жылы лебізін тыңдады. Олар келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, зор денсаулық,  береке мен бірлік тіледі. Барлық костюм киген қызмет алушыларға сыйлықтар мен тәттілер табыс етілді.