2018 жылғы қаңтардың 18-і мен 19-ы аралығында шахмат залында шахмат турнирі өтті. Іс-шараға Орталықтың қызмет алушылары мен «Жігер» спорт клубының шахматшылары қатысты. Турнирге қатысушылар шахмат үстеліне көңілді отырып, нағыз зияткерлік сайыс басталды. Көп ұзамай жеңімпаздар да байқалды, қатысушы чемпиондар айтқандай, нағыз жеңімпаз достық пен өзара сыйластық болды. Барлық турнирге қатысушыларға сыйлықтар мен мақтау қағазы табыс етілді. Шахматшылар бір-бірін қонаққа шақырып, көтеріңкі көңілмен қоштасты.