2018 жылғы 17 қаңтарда біздің қызмет алушылар үшін Халықаралық конкурстар лауреаты Рада Әубәкірова концерт қойды. Концерт өте қызықты өтті, әншінің репертуарында 60-70 жылдардың әндері орындалып, сонымен қатар қазіргі авторлық әндер де айтылды. Бір жарым сағаттық концерт көрермендердің назарын аударып, олардың ризашылығына бөленді. Барлық қатысушылар әншіні қоштасуға қимай, тағы қонаққа шақырып жатты. Концерт соңында Рада Әубәкірованың сөзі:«Ардақты аналар мен аяулы әжелер, сіздерге шын жүректен барлық жақсылық тілеймін, сіздердің отбасыларыңызда тек қана махаббат пен сыйластық орын алып, ғұмыр жастарыңыз ұзақ, дендеріңіз сау болсын!»,- деп жылы лебізін білдірді.
Рада Әубәкірдің концерті