ҚКО-ның тұрғындары 2018 жылдың 18 ақпанында Масленицаның өтуіне байланысты мәдени-тарихи дәстүрлерді және Кешірімді жексенбі православты шараларын еске алып, көктемдік көңілді халық әндерін тындап, өздері частушкалар мен әндерді орындады. Және дәстүрге сәйкес сол күні бәріне құймақтан ауыз тигізді. Мереке қызықты да көңілді өтті, барлық қызмет алушылар жағымды эмоцияға бөленіп, Орталық қызметкерлеріне өз алғыстарын білдірді. Масленицаны шығарып салу шарасы көне замандардан келе жатқан әдетке сай Қыс мүсінін өртерп, отты айнала ән салумен аяқталды. Мұндай шараларды өткізу қарт адамдар мен мүгедектердің жеке белсенділігін арттырып, өмірге деген құштарлығын нығайтып қолдау үшін аса пайдалы.