2018 жылдың 14 ақпанында ҚКО-да бильярд әуесқойларының арасында сайыс өтті. Бұл ойын қызмет алушылардың зейінділігін арттыруға жағдайға дұрыс баға беруге, көз өлшемділігін нақтылауға, моторика мен үйлестілікті дамытуға, ойыншылардың эмоционалды жағдайын жақсартуда әсері көп. Сайыс қатысушылары бір-бірімен жарыс кезінде ойын аланында шарлардың орналасуына қарай, жағдайдың күрделілігіне қарай бильярд киімен әр түрлі соққылар техникасын көрсете білді. Нақты соққылар нәтижесінде шар ойығына түсіп, көрермендердің ризашылығы мен жағымды эмоцияларға толы шапалақтар естілді. Ұпайлар санына сәйкес бірінші орынға – Б. Жашкеев, екінші орынға – А. Байбориев, ал үшінші орынға В.Ким ие болды. Жеңімпаздарға медалдар табыс етілді. Және сонымен қатар «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері Астана қаласының жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері «Жүректен жүрекке» акциясының шегінде кішігірім концерт қойып, ойындар мен викториналар өткізді. Барлық қатысушылар мен көрермендер жағымды эмоциялар мен жақсы көңіл күй ге ие болды.