2018 жылы 16 ақпанында жиналыстар залында Астана қаласының Халқаралық мектебінің оқушылары қызмет алушылар арасында «Бинго» ойынын өткізді. Ойынға 20 қызмет алушы қатысты. Қатысушылар нөмірі жазылған жетон тартып, сұрақтарға жауап берді. Ойын өте тартымды өтті. Н.Зотова, Э. Корель және Л. Колчанов жеңімпаз атанды. Оқушылар қатысушыларға тәтті сыйлықтар сыйлады.