2018 жылы 22 ақпан «Даналық» колледжының студенттері «Лирика, поэзия, музыка» атты лирика кешін өткізді. Аталған кеште атақты ақындар М.Мақатаевтың «Мен қарапайым қарттарды сүйемін», А. Пушкинның «Я помню чудное мгновенье», С. Есениннің «Письмо к женщине» және Отан Қорғаушыларға арналған өлеңдер оқылды, сонымен қатар. Кеш ұйымдастырушыларға жауап ретінде біздің қызмет алушылар Р. Гашенко, Н.Зотова және Б.Беленко жатқа өлең жолдарын оқып берді. Кештің барлық қатысушылары «Синий платочек» және «Катюша» әндерін шырқады. Кеш соңында қызмет алушыларға «Последний бой» видеофильмі көрсетілді.