Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» ӘҚКО директоры Кенжеболат Сапарұлы Бапишев қызмет алушыларды Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бағдарламасымен таныстырып, кең көлемде түсіндірді.
Сондай-ақ ӘҚКО «Шарапат» орталығының қызметкерлері:
Ардақ Бейсенбайқызы - әлеуметтік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары 2018 жылғы 1 тоқсанындағы атқарылған іс-шаралар топтамасы бойынша есеп берді. Есепте қызмет алушыларға көрсетілетін жеті бағытта толығымен айқындалды.
Болатбек Базиолданұлы - медицина бөлімінің меңгерушісі әлеуметтік-медициналық қызметтер туралы есеп беріп тегін берілетін дәрілердің тізімдерімен қызмет алушыларды таныстырып өтті.
Жанар Нұркешқызы - әкішілік шаруашылық жұмысы жөніндегі директордың орынбасары - өрт қауіпсіздігі ережелерімен және сол мәселе бойынша атқарылатын сақтық шаралары туралы жоспарлармен таныстырды.
Қызмет алушылар көкейлерінде тұрған сұрақтар мен мәселелерін көтеріп, өзіне керекті сұрақтарына жауап алды. Жалпы жиналысқа тұрғындардың 80% қатысты.