2018 жылы 6 сәуірде  кітапханашы Дүйсекеева М.Р «Стихи моей молодости» атты орыс ақыны Василий Лебедев – Кумачтың творчествосына арналған  әдеби сағатын   өткізді. Аталған кеште ақынның өлеңдері оқылып, сол өлеңдерге жазылған әндер шырқалды. Кештің барлық қатысушылары композитор И.О.Дунаевскийдің «Марш веселых ребят», «Капитан», «Широка страна моя родная» т.б. әндерін баян ырғағымен шырқады. Барлық қатысқан қызмет алушылар өз жастық шағын еске алып, куанып, өте көңілді және риза болды.