2018 жыл сәуірдің 18 Орталығымызда қазақ Ұлы ақын, педагог Мағжан Жұмабаевтің 125-жылдығына байланысты «Тіл - парасат» атты ведомстволық мекемелер арасында іріктеу кезеңі өтті. Сайысқа үш Орталық қызметкерлері түсті: Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» ӘҚКО» КММ атынан – «Толқын», «Үміт» Зорлық зомбылыққа ұшырағандарға арналған Орталық» КММ атынан - «Үміт» тобы және Астана қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды» әлеуметке қосу орталығы КММ» атынан - «Жалын» тобы. Қатысушылар Мағжан Жұмабаевтің шығармаларынан үзінді оқыды және қазылар алқасының сол жерде қойылған сұрақтарына жауап берді. Қазылар үзінді оқушылардың әртістігіне, шеберліктеріне және таңдалған шығарманың ерекшеліктеріне баға берді. Бірінші іріктеу нәтижесі бойынша Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» ӘҚКО» КММ-ның «Толқын» тобы қалалық сайысқа өтті. Аталған сайыс ағымдағы жылы сәуірдің 24 күні Астана қаласының мемлекеттік мекемелері арасында өтеді.
Мағжан Жұмабаевтың 125-жылдық мерейтойына орай барық түрік тілдес халықтарының арасында биылғы жыл Мағжан Жұмабаев жылы болмақ.