2018 жыл сәуірдің 21 Орталық қызметкерлері қолдарына тырма мен қап алып, мекеме аумағын тұрмыстық қалдықтар мен құрғақ шөп пен жапырақтардан тазартты, гүлзарлар мен демалыс орындарын жинады. Ағаштар мен талдарды әктеді. Науқан шегінде «Ардагер» аллеясында соғыста қаза болған ардагерлерге естелік ретінде отырғызылған ағаштарға күтім жасалды. Қарттығы мен науқастығын ұмытып Орталық тұрғындары да көмекке шықты. Бұл күні алаңды тазарту мен әсмдеу үшін барлығы шың көңілмен, қуанышпен өз үлестерін қосты. Сенбілік жағымды атмосферада өтті.

Мекеме аумағын жинау Орталығымыздың басым міндеттерінің бірі.