2018 жыл сәуірдің 24 біздің «Толқын» тобы аталған сайысқа қатысты. Сайыстың негізгі мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мамандардың іс жүргізудегі біліктілігі мен тәжірибесін сараптау, тіл мәдениетін орнықтыру, мемлекеттік тілде іс жүргізудің сапасын арттыру, Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын насихаттау. Сайысқа қаламыздың ведомстволық мекемелерінен, орталық мемлекекттік құрылымдық бөлімшелер арасынан 10 топ қатысты.
Сайыста бірнеше бағыт қамтылды: өз мекемесі туралы ақпаратты шығармашылық түрде жеткізу, іс-қағаз жүргізудегі терминдерді мемлекеттік тілге аудару, қазақ халқының әдет ғұрыптарын жетік білу және Мағжан Жұмабаевтің шығармаларын мәнерлеп оқу.
Біздің топ қатысқаны үшін Алғыс хатпен және естелік сыйлықтарымен марапатталды. Сайысты «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шегіндеұйымдастырған –Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив істері басқармасы.