2018 жыл мамырдың 4 кезекті мәдени-тұрмыстық кеңесі өтті, кеңестің құрамына Орталықтың тұрғындары, әкімшілік өкілдері және қажеттілік болған жағдайда, полиция қызметкерлері кіреді.
Мәдени-тұрмыстық кеңес тұрғындардың қоғамдық ұйымы болып табылады, оның кеңесі айына бір рет өтеді.
Мәдени-тұрмыстық кеңестің мүшелері қызмет алушылар арасында тәрбиелік, қоғамдық-мәдени, әлеуметтік-еңбек, өзіне өзі қызмет көрсету жұмыстары бойынша, сонымен қатар тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін жақсарту шаралары туралы түсініктеме және үгіттеу жұмыстарын жүргізеді. Заң өкілдерімен бірлесіп мекеме ішіндегі қызмет алушылардың тәртіп бұзушылық жағдайларын талқылайды.
Тұрақты өтетін мәдени-тұрмыстық комиссия кеңесі мекемеде тұратын қызмет алушылардың азаматтық және саналық позицияларын нығайтады және заң бұзушылықтың алдын алу ісін нәтижелі етеді.
Бүгінгі жиналыстың күн тәртібінде қарастырылған мәселелер:
1. МТК мүшесі – Ұлы Отан соғысының ардагері О.И. Линникті құттықтау;
2. Мүгедектер жөніндегі істер Төрағасының атқарылған істер туралы есебі;
3. Жеңіс Күніне арналып, өткізілетін шараларға дайындық;
4. 7,8,9 мамыр күндеріндегі кезекшілік;
5. Әр түрлі
Бірінші сұрақ бойынша МТК Төрайымы – Г.Б. Мухамедьярова сөз алып, Ұлы Отан соғысының ардагері Олег Иванович Линникті құттықтап, оның әскери өмірі туралы әңгіме қозғады және МТК мүшелері атынан шоқ гүл сыйлап, естелік сыйлықтарын табыс етті.
Екінші сұрақ бойынша мүгедектер жөніндегі істер Төрағасы - М.С. Певчих атқарылған істер туралы баяндап, ағымдағы жылдың жостарымен таныстырды.
Үшінші сұрақ бойынша: мәдени ұйымдастырушы Жеңіс Күніне арналып ұйымдастырылатын мәдени шаралар туралы ақпарат берді.
Төртінші сұрақ: МТК Төрайымы МТК мүшелерін Жеңіс Күні мерекесі кезіндегі кезекшілікпен таныстырды.