2018 жыл мамырдың 5 Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күніне орай Орталығымызда бильярдтан турнир өтті. Сайыс бильярд спортының ережелеріне сай, екінші жеңілістен кейін ойыншының ойыннан шығу тәртібімен ұйымдастырылды.
Сайыс нәтижесі бойынша жүлделі бірінші орынға В.В. Ким ие болды, екінші орын – А. Байбориевқа тиді, үшінші орын – С. Текиевқа бұйырды.
«Мен үшін бильярд — ол жан рахаты, өте жақсы белсенді демалыс, — деп қорытындылады сайыс жеңімпазы Владимир Владимирович Ким. — Ойын барысында үстелді айналып 10-20 километор қашықтықты жаяу жүріп тастауға болады. Ол дегеніміз ағза үшін тамаша физикалық жүктеме.