Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету Орталығында 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 73- жылдығына арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.
2018 жыл мамырдың 10, сағат 10.00 «Ардагер» аллеясында «Ұрпақтар ұмытпайтын - Ұлы Жеңіс»- атты салтанатты митинг өтті, онда Орталығымыздың ардагері мен тыл еңбеккерлерін Астана қаласы Маслихатының депутаты А.Ж. Табулдин, Сарыарқа ауданы «Нұр Отан» партиясының Төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Табирберген, Астана қаласының жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламалар Басшысы Е.С.Оспанов, Сарыарқа ауданының ардагерлер Кеңесі Н.Т. Смык, қалалық мүгедектер қоғамының Төрағасы С.М.Мунбаева, Ауған соғысының ардагері К.М.Елубаев, Әзірет Сұлтан Мешітің бірінші Наиб Имамы Қуат Ерғалиұлы, Архимандрит Игумен Иоасааф, әлеуметтік қорғау еңбегінің ардагері Е.Д.Дауешов және басқа да шақырылған қонақтар құттықтады.
Соғыс жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің құрметіне үнсіздік минуты жарияланды. Митинг барысында Ұлы Отан соғысының ардагері мен тыл еңбеккерлерінің алдында №83205 әскери бөлімінің жауынгерлер қатары шеру ұйымдастырса, әскер генералы С.Нұрмағамбетов атындағы Республикалық «Жас Ұлан» мектебінің тәлімгерлері мен Ұлы Отан соғысына қатысқан ата-бабаларын еске алып, Орталығымыздың қызметкерлері «Мәңгілік данқ» шеруімен өтті. Аллея алланында ұйымдастырылған «Алаң асханасынан» қатысушылар мен қонақтар солдат ботқасынан ауыз тиіп, ыстық шай ішті. Салтанатты шара аллеяға тал көшектерін отырғызумен аяқталды.
Мерекелік шара митинг аяқталғаннан соң кинозалда жалғасын тапты. Мерекелік концертте: "Наз" би театры, Орталық концерт залы, Астана мюзикл өнерпаздарының және қызмет алушыларымыздың өнерін тамашалады.
Шара мерекелік дастарханмен тәмамдалды