Орталығымызда сирек кездесетін құбылыс - некелесу рәсімі өтті.

2 топтағы мүгедек, 61-жастағыҒалияСадвокасовамен 1 топ мүгедегі, 48-жасар ТалғатБайбагусовнекелерін қиғызды.

Жас жұбайлар Орталығымызда танысып, табысқан. Тойды жұбайлар артық шығынсыз, қарапайым өткізуге шешім қабылдады: қызмет алушылар мен дос-жарандарына арнап дастархан жайды.

«Ғалия өзінің мейірімділігімен, қарапайымдылығымен, шыншылдығымен өзіне баурап алады, өте жайдары да жақсы адам, біз тамаша тіл табысамыз», - деп сырын ақтарды күйеу жігіт Талғат Байбагусов.

Жас отбасына мекеме әкімшілігі жеке бөлме ұсынды, онда олар толыққанды жанұя болып тұра алады.