2018 жыл 4 маусым күні Орталығымыздың мәжіліс залында Астананың 20-жылдығының қарсаңында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 26-жылдығына байланысты жиналыс өтті. Шараға мекемеміздің әкімшілігі мен қызметкерлер қатысты. Орталығымыздыңдиректоры К.С.Бапишев өз сөзінде Мемлекеттік рәміздер Күнін тойлау қызметкерлердің патриоттық сезімін арттырып, Отанға деген махаббатын күшейтеді деді. Салтанатты жиналыста мәдени ұйымдастырушы – Р.Наби сөз сөйледі, өз сөзін Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздердің қабылдау туралы жасалған слайтпен әрледі.

Орталығымыздың кітапханасында: "Мемлекеттік рәміздер Күні" атты көрме ұйымдастырылды.

Жиналған қауым Қазақстан Республикасының әнұранын орындады, әнұран орындалған кезде әр азаматтың көзінен патриотты рух байқалып тұрды.