3 маусым Рамазан айының оразасын ұстайтын қызмет алушыларға арнап «Хазрет Сұлтан» мешітінде ауыз ашар берілді. 800 адамға арналып жайылған дастархан басында Орталығымыздың қызмет алушыларымен бірге қазақтың атақты жазушылары, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері, әншілер де дәм-тұздас болды. Мешіттің бас имамы Рамазан айының қасиеттері мен сауаптары туралы уағыз айтты. Қасиетті Рамазан айының мақсаты ішіп, жеуден ғана тыйылу емес, басты мақсаты рухани тазару, сабырлыққа тәрбие, кешірімділік пен басқаларды ренжітпеу, қолдан келгенше жақсылық жасап, қайырымдылық танытуекенін тілге тиек етіп, Отанымызға тыныштық, қатысушылардың бәріне бақ пен иман тіледі.
19 сағаттан астам уақытқа созылған оразадан кейін ақшам намазы оқылып, ауыз ашар дастарханы жағымды, көңілді өтті.