Жарысқа арбаға таңылған мүгедектер де қатысты. Іс-шара көңілді әуенмен әрленді. Мереке өте көңілді өтіп, қатысушылар жағымды көңіл-күйге бөленді. Соңында барлық қатысушылар марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Шараның басты мақсаты – қызмет алушылардың физикалық белсенділігін арттырып, мүмкіндігі шектеулі жас мүгедектердің арасында салауатты өмір салтын үгіттеу.