2018 жылы 21 маусымда психолог -Думшебаева Г.Н қызмет алушылар арасында «Психологиялық ағарту қызметі» туралы тренинг өткізді. Тренингке 4-қызмет алушы қатысты. Оларды психологиялық қысымнан арылту, өзін-өзі бағалауда оң көзқарасын қалыптасытыру болды. Және де бірнеше трениктер жүргізілді. Атап айтқанда; «Әлемде жоқ жануар», «Танысу» жаттығуы», «Арттерапия» үйретті.
Сонымен қатар қызмет алушылар қыл-қалам ұстап бояумен өз туындыларын салды. Психолог сурет салу арқасында олардың мінез құлығын анықтап айтып берді.
Қызмет алушылар қол ұстасып шеңбер бойына тұрып, бір-біріне жүректен шыққан жылы сөздерімен тілек айтты. Тренинг қызмет алушыларға жағымды әсер қалдырды.