2018 жыл 22 тамыз "Тенгри" қонақ үй кешенінде Тоғызқұмалақ ұлттық ойнынан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Әйелдер арасында 12 адам, ерлер арасында 17 адам қатысты. Чемпионатқа Астана, Алматы обласы, Актобе, Атырау, Актау, Тараз, Павлодар, Орал, Кызылорда, Солтүстік Қазақстан облысының спортшылары қатысты.
ҚР чемпионатының нәтижесі бойынша әйелдер арасында жеңіске Орталығымыздың тұрғыны, спорт шебері Жубатканова Алия жетіп, алтын медальмен және дипломомен марапатталды. Астана қаласы әкімдігінің "Шарапат" ӘҚК Орталығының қызметкерлері мен қызмет алушылары Жубатканова Алияны, Смирнов Александрды, Кургамбеков Саятты жеңістерімен құттықтап, ду қол шапалақпен қарсы алып, гүл шоқтарын сыйлады.