2018 жыл қыркүйектің 21 «Шарапат» ӘҚК Орталығының кітапханасында «Туған тілім-өз тілім» атты Қазақстан халқы тілдерінің Күні мерекесі өтті. Іс-шараға әр түрлі ұлт өкілдері қатысты. Олар қазақ, орыс,  румын, молдаван, украин, татар, белорус тілдерінде өлең шумақтарын оқып,  әндер шырқады, жұмбақтар шешті және мақал-мәтелдер сайысына қатысты. Тілдер мерекесі қатысушылардың көңілінен шығып, көтеріңік көңіл күйде кетті.