Әлеуметтік қызметкерлер күніне орай қызметкерлерімізге арнап, орталығымыздың қызмет алушылары құттықтау бағдарламасын дайындады.Орталықтың басшысы Бәпішев Кенжеболат Сапарұлы салтанатты түрде ашып, қызметкерлерімізді көп жыл әлеуметтік салада қызмет етіп ,еңбек сіңіргені үшін алғыс хаттармен марапаттады.Орталықтың жеке дауысты әншілері қызметкерлерімізге арнап әндерін шырқады.Қызметкерлерімізді өз ізгі тілектерімен Мәдени тұрмыстық комиссияның мүшесі Каримов К.К, "Надежда" хорының мүшесі Гашенко Р.И., өлең жолдарын белсене жырлаушы Козлова Л.Г құттықтады.