Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қазан айында   туылған қызмет алушыларға "Туған күн" кеші өтті.

Туған күн иелерін арнайы Самұрық-Қазына компаниясының  "Әлеуметтік қарым-қатынас және коммуникация"  орталығының бас директоры  Елдос Өмірзақов  келіп жылы лебізін білдіріп, туған күн иелерін құттықтады. Кішігірім концерттік бағдарламарымен біздің қызмет алушыларымызды қуантты. Әр туған күн иелеріне арналған сыйлықтары мен гүл шоқтарын табыстады.  Осындай мерекені көркейткені үшін Самұрық - Қазына компаниясының қызметкерлеріне үлкен алғысымызды білдіреміз!