10 желтоқсан – әр қазақстандықтар үшін айтулы күндердің бірі, әсіресе елорда тұрғындары үшін. Осыдан 22 жыл бұрын 300 мыңға жуық халқы бар Ақмола қаласы республикамыздың астанасына айналды.
1994 жылы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі астананы көшіру туралы қаулы шығарды. 1997 жылдың 20 қазанында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола қазақ елінің астанасы болып жарияланды. Осылайша, елдің солтүстігінде орналасқан шағын қаланың өміріндегі жаңа кезең басталды. Елбасымыз қала құрылысына байланысты халықаралық байқау жариялап, оған түрлі елдердің жетекші сәулетшілері қатысты. Жеңісті әлемге әйгілі жапон сәулетшісі Кишо Курокава жеңіп алды. 20 жылдан астам уақыт ішінде Еуразия төңірегінде Қазақстанның жаңа астанасы қалыптасты.
Бүгінде Астана – жедел қарқынмен дамып келе жатқан заманауи қала. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда миллионнан астам адам тұрады және қысқа мерзімде ішінде қала аумағы үш есеге ұлғайды.
Сіздерді осы тамаша мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!!!