Ақпанның 25-26 жұлдыздары «Көктем 2020» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Сарыарқа ауданының «Төтенше жағдайлар басқармасы» РММ-сінің қатынасуымен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шарапат» ӘҚҚО» КМҚК-ның аумағында тасқынға қарсы шаралар өтті. 4,8 га аумақты қамтыған жерде қардан тазалау жұмыстары жүргізілді. Есіл өзені бойы жағалауын үйілген бөгет көтеру мақсатында 300 инертті материалдар толтырылған қаптар төселді. 240 метр куб қарды аумақтан тазалауға 8 арнайы техника іске қосылды. Оның ішінде: 2 -экскаватор, 3 – жүк тиегіш, 3 – Камаз автокөлігі. Тағы да шатырдағы қардан тазалауға 1 автомұнара арнайы көлігі қатыстырылды.
қар