Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Астана жастары» ЖРО бірлесе отырып, «Ардагерлерге мың алғыс» акциясы аясында «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырды.
Еріктілердің қойылымдары қарт адамдарға жағымды әсер қалдырды: көрермендер қуана ән айтып, қол шапалақтап отырды. Мұндай кездесулер түрлі ұрпақтардың бірігуіне көмектеседі: ата-әжелер еріктілерді немерелері ретінде көрсе, балалар оларға жылулық пен жан тазалығын сыйлайды. Бұл байланыс қажет: ол қарт адамдардың жалғыз еместігін, өздерінің қажеттілігін сезінуге көмектеседі.
Қарттардың қуанышты жүздері еріктілер үшін ең жоғары марапат. Мұқтаж және жалғызбасты адамдарға деген мұндай қамқорлық қоғамның ажырамас бөлігі болып табылады және қарт адамдарға өмірге деген құштарлық сыйлайды.