Мемлекеттік рәміздер-бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен бір тұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі.Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады. Мекеме басшысы Рысты Жағапарқызы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен барша қазақ елін, әріптестерін құттықтайды.Тәуелсіздігіміз тұғырлы, туымыз көк аспанда желбіреп, әнұранымыз әр елде, елтаңбамыз еңселі болсын!