Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қазақтың ұлы ғалымы, ХIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, этнограф, географ, ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 185 жылдығына орай әдеби және кинематографиялық сағат өткізілді. Орталықтың қызмет алушылары ғалымның өмірбаянын деректі фильм арқылы көріп танысты. Ғалымның барлық өмірбаяны сол деректі фильмде толығымен түсірілген. Әдебиеттік сағат өткізілу барысында барлық санитарлық нормалар қатаң сақталды.