2020 жылы Орталық қызметкерлері үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алушыларға мүгедектігі бар адамдардың оңалтуға арналған құралдар мен қызметтерді тікелей жеткізушіден алуға бағытталған автоматтандырылған жүйе - Әлеуметтік қызмет көрсету порталын игеру бойынша оқыту өткізді.

Алайда, қызмет алушылардың дені қарттар екенін, олардың ақпаратты және компьютерді игеру деңгейінің төмендігі ескеріліп, 2021 жылғы қаңтардың 15-і мен 21-і аралығында Орталық қызметкерлері өтілген материалдарды қайталау жұмыстарын жүргізді.

Енді қамқорлығымыздағы мүгедектігі бар қызмет алушылар оңалтудың техникалық құралдарының барлық түрін қашықтан тапсырыс беріп алдырта алатын болды.