Сенсорлық жүйе — ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жүйесі, анализаторлардың шеткі бөлігі, немесе рецепторлар. Анализаторлар — дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен байланыстырып түрған рефлекторлық доганың сезімтал бөлігі. Әрбір анализатор 3 бөліктен тұрады: шеткі — рецепторлық, өткізгіш бөлік және орталық бөлік. Егер де бір бөлігі зақымдалса, барлық анализаторлар қызметін тоқтатады. Ал рецепторлар дегеніміз сезімтал жүйке талшықтарының соңғы сезгіш ұштары. Және олар өздері екіге бөлінеді: экстерорецепторлар және интерорецепторлар. Экстерорецепторлар сыртқы өзгерістерге жауап береді, және оларға өзіміз білетін 5 басты сезім мүшесі жатады: көру, есту, иіс сезу, дәм сезу және тері түйсіктерінің рецепторлары . Мидың әр бөлімі түрлі сезімге жауап береді.
Ал интерорецепторлар ішкі мүшелерде, ұлпаларда, қан және лимфа тамырлары қабырғаларында орналасып, осы мүшелердегі шет өзгерістерді қабылдайтын сезімтал құрылым. Ол мүшелердің үйлесімді қызмет атқаруына жауап береді. Оған қоса, олар тірек-қимыл аппаратының мүшелеріне әсер ететін тітіркендіргіштерді қабылдайды.