Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің МКҚК «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында № 8 бөлімшесінің қызмет алушыларына оңалту қызметтерін өткізу курсы 2021 жылдың 11 қаңтарынан басталып 2021 жылжың 22 қаңтарында аяқталды. Орталықта оңалту қызметтері өткізілген кезде карантинге қарсы сақтық шаралар қатаң сақталды, маскамен жүру, үнемі антисептик қолдану, бөлмелерді залалсыздандыру басты міндетіміз болды.
Ата-аналар мен қызмет алушылар асыға күткен оңалту курсы жоғары деңгейде өтті, орталықтың мамандары логопед Қажығалиева А.К., дефектолог Тұрлыбекова А.Қ., психолог Измаханова Қ.Е. аналарға түрлі психологиялық, әдістемелік, логопедиялық тренингілер өткізіп баланы қалай дамыту, бейімдеу керектігін түсіндірді.
Ата-ана Баймагамбетова Сауле Бекежановна өзінің тәжірибесімен аналармен бөлісті. Спикер Отбасы банкінің кеңесші маманы Омаргалиева Жанар Кабдулмухитовна ата-аналарға тұрғын үй алу, қандай депозитке ақша салуға бағытталған жұмыстары туралы ақпараттар берді.