Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова биыл «Дала Гомері» атанған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы елімізде кең көлемде атап өтілетінін айтты. Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойының салтанатты ашылу рәсімі 26 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыка-драма театрында өтеді.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шарапат » Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» үйде қызмет көрсету № 2 бөлімшесінің күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлерінің «Жамбыл Жабаев– 175 ж.» мерей тойы қарсаңындағы ұйымдастырылып жатқан іс – шараларының бастауы болып табылады.
Жүз жасаған Жамбыл – өзі ғұмыр кешкен жылдардағы жүзжылдық тарихты ғана емес, арғы-бергі замандағы өмір шындығын айнытпай жырлаған ақын деп қызмет алушылар М.Акулова мен Н.Иванова күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер Г.Малаеваға өз білгендерін әңгімелеп өлеңдерін оқыды
Бөлімшедегі қарт журналист Т.Мәденов жай ғана ақын емес, Сүйінбайдан бата алған, суырып салма айтыскер ақын. Бір сөзбен айтқанда, кестелі сөздің шебері, ұшқыр ойдың иесі. Жауынгерлерді жеңіске жетелеген отты жырлары олардың басты қаруы болды. Ол – Жетісу топырағынан дарыған осынау қасиетті жыр өнерін жеті жұртқа аманаттап кетті десе, Л.Б.Хилажев өзінің студенттік кезін есіне алып Жамбыл ақынның 1946 жылы жерлеу рәсіміне қатысқанын айтты.
Жыр алыбы Жамбыл ақынның -175 жылдығына арнап №2 бөлімше қызмет алушылары күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлердің көмегімен өз үлестерін қосып, өлеңдерін оқуды жалғастыруда.