Қызмет алушы Фурман Антонина Ивановна, көзі нашар көретін 2 топ мүгедектігі бар, тыл еңбеккері. Бұрын бала педиатрі болып жасаған, сонымен қатар, училищиде медицина мұғалімі болған. Сол кезде оқытқан студенттері, әлі күнге дейін мереке күндері Антонина Ивановнаға келіп тұрады, ол кісінің студенттері сол кездегі білімі үшін әлі күнге дейін алғыстарын білдіруде.
2016 жылдан бері «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» МКҚК-ға есепке алынған. Есепке алынған кезден бастап, Орталықтың қызметіне жасалып жатқан жұмыстарына өте үлкен ризашылығын білдіреді. Көру қабілеті нашарлығына қарамастан, ол белсенді түрде өмір салтын жүргізеді, орталық өткізетін барлық іс-шараларға қатысады, іс-шаралардың қызықты өтуіне өз үлесінді қосады."Шарапат" орталығында бірнеше рет оңалту курсынан өтті.
Өте музыкалық тұлға. Ән айтқанды ұнатады, әсіресе орыс ұлттық әндерді айтқанды жаны сүйеді.
Жасы ұлғайғандығына байланысты және балалары мен немерелері басқа қалаларда болғандықтан, орталықтың әлеуметтік қызметкердің көмегіне мұқтаж.
«Шарапат» ӘҚКО-ның директоры Баймағанбетова Рысты Жагипаровна, №4 бөлімше меңгерушісі Аширбекова Арай Жанұзаққызына және әлеуметтік қызметкер Абилбакиева Марал Әділбекқызына көрсетілген қызметтер үшін, яғни үйден тыс жерде қызмет алушының сүйемелдеп жүруге, үй-ішін жинап, тазалауда, үйде гүлдерді күтуде, тамақ өнімдерін сатып алуда, заңгерлік қызметтерді көрсетуде, құжаттарды тапсыруда және кез-келген жеңілдіктерді алуда, көрсетілетін қызметті алушыға психологиялық қолдау көрсеткендері үшінризащылығын білдірді. Әр түрлі мерекелерде берілетін сыйлықтарға туған күнде құттықтауларына «Шарапат» ӘҚКО-ға алғысын білдіріп отырады.