Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Шарапат "әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" МКҚК Қамқоршылық кеңес құру бастамасын көтерді.

Қамқоршылық кеңес кәсіпорынның жарғылық қызметін ұйымдастыруға, оның материалдық-техникалық базасын нығайтуға, қызмет алушылардың әлеуметтік қорғау мәселелерін шешуге, өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасылар мен адамдарға әлеуметтік көмек көрсетуге жәрдем көрсету үшін құрылған кәсіпорынның кеңесші алқалы органы болып табылады. Сонымен қатар қызмет алушылар құқықтарының қамтамасыз етілуіне қоғамдық бақылау нысаны болып табылады.

         Қамқоршылық кеңес өз мүшелерінің жариялылығы, еріктілігі және тең құқылығы негізінде жұмыс істейді. Қамқоршылық кеңес өз жұмысында ҚР Конституциясын, ҚР Халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, Кәсіпорынның жарғысын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

         2021 жылғы 12 ақпанда Қамқоршылық кеңестің бірінші отырысы өтті. Отырыс санитарлық дәрігердің ұсынымдарын сақтай отырып, оффлайн режимде өткізілді. Қатысуға мүмкіндігі жоқ шақырушылар үшін Zoom конференциясына қосылды.

        

"Шарапат" орталығының Қамқоршылық кеңесінің құрамына түрлі салалар мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, қала аудандарының ардагерлер кеңесінің төрағалары, Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы кірді.

        

     

         Орталық директоры орталықтың 2020 жылдағы атқарылған жұмысы туралы есеп берді. Шақырылған қонақтар нақты сұрақтар қойып, толық түсініктеме алды.

        

 

      Қамқоршылық кеңесінің құрметті мүшелері атқарылған жұмысты оң бағалап, ұжымға алғыс білдірді.

 

 

 

     Қамқоршылық кеңесінің бірінші отырысында төрағаны, төрағаның орынбасарын және хатшыны сайлау өз орнын алды. Сайлау Кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы өткізілді.

 

 

Қамқоршылық кеңес төрағасын, төраға орынбасарын және хатшысын сайлау.

 

     

         Дауыс беру нәтижелері бойынша бірауыздан шешім қабылданды:

Қамқоршылық кеңес төрағасы-Калашникова Н. П. ,

Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасары-Бапишев К. С.

Қамқоршылық кеңес хатшысы-Ербалина М. Б.

         Н.Калашникова сөз сөйлеп, сенім білдіргені үшін алғысын білдіріп, барлығына жемісті жұмыс тіледі, осылайша Қамқоршылық кеңес қызметінің басталуын белгіледі.

         Отырыста кеңес мүшелері "Шарапат" орталығының қызметін жақсарту үшін мәселелерді шешу бойынша перспективалық жоспарларды атап өтіп, отырыс хаттамасына ұсыныстар енгізді.

         "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы атынан директор Р.Баймағамбетова қамқоршылық кеңестің барлық құрамына қызығушылық танытқаны үшін және қоғамдық қызметті жүзеге асыруға ниет білдіргені үшін алғысын білдірді.

         Отырыс соңында Қамқоршылық кеңестің құрметті мүшесінің сертификаттары табыс етілді.

     

 

 

 

 

 

 

 

Қамқоршылық кеңес мүшелеріне сертификаттар тапсыру