«Шарапат» ӘҚКО-да ұлы ақын, қазақтың ауызша поэтикалық өнерінің шебері Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жыр алыбы Жамбыл» атты әдеби сағат ұйымдастырылды. Жамбыл- жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті. Ол әлеуметтік және жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі деген. Жамбыл-айтыстың асқан шебері. Ақын айтыста да, жыраулық өнерде де биік дәрежеге көтеріледі. Ақынның оннан астам айтыстары сақталған. Әсіресе оның Құлманбетпен, Айкүміспен, Шашубаймен айтысы көпке жақсы мәлім.
Әдеби кешімізді қызмет алушы әлемге әйгілі «Ленинградттық өренім» өлеңімен бастады. Құттықтау сөз кезегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі директор орынбасары Е.Аманбай қызмет алушыларды құттықтап, ақынның өмір жолына қысқаша тоқталып айтып кетті.Қатысушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Кеш соңында музыкалық сәлеммен Жолдиев М. Ән шырқады.
Барлық карантиндік ережелер сақталып, қызмет алушылар дистанция сақтап, маска киіп отырды.