Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай, кітапхананың ұйымдастыруымен Орталық қызметкерлері арасында «Тіл – көңілдің кілті» атты Жамбыл өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы өтті.

     Сайыстың басты мақсаты: қызметкерлердің тілдік дүниетанымын кеңейту, мемлекеттік тілді насихаттау.

Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбыл,
Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл.
Тілекке көл аңсаған бүгін жеттің,
Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл.
Халық үшін төрге төсеп төсек етер,
Ағарған сақалы мен шашы Жамбыл.
Көтерген көкке төбе тірелгенше,
Иеді көпшілікке басын Жамбыл.

     Орталық басшысы Рысты Жағапарқызы барлық қауымды осындай атаулы күнмен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайысқа әр бөлімнен 1қызметкерден қатысты . Олар Жамбыл атамыздың ең танымал , мағыналы өлеңдерін мәнерлеп оқыды.10 қатысушының ішінен № 2 Қарттар бөлімінің меңгерушісі Өтегенова Мейрамгүл Қайырбекқызы ақынның «Пұшықтың ұрыға айтқаны » өлеңін жан дүниесімен оқып, әділ-қазылар алқасының көңілдерінен ерекше шығып I дәрежелі диплом , Кәсіподақтың қолдауымен көрсетілген сертификат сыйлығымен марапатталды. Барлық қатысушылар алғыс хатпен, Жамбыл атамыздың туындысынан шыққан кітаппен марапатталды.Сайыс өте қызықты әрі мағыналы түрде өтті.

     Іс-шара барысында барлық санитарлық нормалар сақталды.