Алғыс айту куні- Елбасы басшылығымен қиындықтарды бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің  барлық азаматтарының бір- біріне құрмет  білдіретін һәм тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні. Бұл- әлеуметтік ыңтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдаудың, репрессия мен жер аудару жылдарында қазақ халқы  көрсеткен мейірімділікпен пен қамқорлықтың, рухани кайсарлықтың төл мерекесі.